Партиялық бақылау комиссиясы автопарк қызметкерлерінің еңбекақыға қатысты мәселелерін талқылады

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Комиссия мүшелерімен қатар қалалық мәслихаттың депутаттары мен БАҚ-ның өкілдері қатысқан отырысты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Дария Қожамжарова ашып, жүргізді.
Комиссия отырысында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған «Shymkent Bus» «Басқарушы компаниясы» ЖШС-гі қызметкерлерінің жалақыларын ала — алмау мәселесі қаралды.
2019 жылдың 20 қарашасы күні Шымкентте 5 бағыт бойынша қызмет көрсететін «Shymkent Bus» автопаркінің 30-ға жуық қызметкері таңертеңнен жұмысқа шығудан бас тартқан. Жалақының уақытында берілмегеніне наразылық тудырған мәселені шешу үшін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында арнайы жиын өткізілді. «Shymkent Bus» ЖШС-нің қарамағында 361 жүргізушісі бар. Олардың жалақылары 130 мың теңге. «Shymkent Bus» компаниясының қаржы-экономикалық қызметіне байланысты жалақы бойынша 2 айға қарыз қалыптасқан. Бұл мәселе жан-жақты қаралып, шешімі табылып, партия филиалы бақылауына алынған.
Орын алған жағдайды назардан тыс қалдырмау үшін партиялық бақылау комиссиясы «Shymkent Bus» компаниясы мен салаға жауаптыларды жинап, бірқатар мәселерді талқылады.
Алғашқы болып сөз алған «Shymkent Bus» «Басқарушы компаниясы» ЖШС-нің директоры Елікбай Тоқбергеновтың айтуынша өткен қараша айында тиесілі жалақыларын ала алмай, наразылық тудыртқан қоғамдық көлік жүргізушілеріне уәде бойынша айлықтары толық төленген.
«Келесі жылы қаңтар айынан бастап мемлекеттен субсидия беріледі. Толық есеп айырысу жасалды. Енді жалақы тұрақты түрде берілетін болады. Сондай-ақ, компаниядағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің жалақысы келісімшартта 130 мың теңге деп көрсетілген»,- деп сөзін қорытындылады.
Отырыс барысында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абай Тұрханов және «Shymkent» ӘКК АҚ-ның төрағасы Нұржан Өмірсерікұлының хабарламалары тыңдалып, талқыланды.
Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан алдағы уақытта автопарк қызметкерлеріне тиесілі еңбекақының уақытылы төленуін қадағалау және жалақыны төмендетпеу бойынша ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, «Басқарушы компания Shymkent Bus» ЖШС-де кәсіподақ комитетін құру мәселелері қарастырылды.
Ал партия мүшесі «Басқарушы компания Shymkent Bus» директоры Еликбай Токбергеновтың партиялық жауапкершілігін Қаратау аудандық партия филиалына жүктелді.
Күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, отырыстың қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.

Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444