Мен Қазақстан азаматымын, өз республикамды сүйемін

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Шымкент қаласында еңбек етіп жатқан түрлі диаспора өкілдерінің шығармашылық жұмыстары және жетістіктерімен танысудың реті түсті. Солардың бірі — Шымкент цирк ұжымының акробаты, өзбек этносының өкілі Исмаил Ильхам. Ол Шымкент қаласында туылып, бала кезінен спорттық гимнастикамен шұғылданды.  Мектепте жүрген жасөспірім сәттерінде түрлі жарыстарға қатысып, талай рет көк туымызды көкке желбіреткен.

-Мен Қазақстан азаматымын, өз республикамды сүйемін. 2015 жылдан бері осында цирк сахнасында цирк әртісі, әгимнасты болып қызмет етіп келемін. 2019 жылы Нұр-сұлтан қаласында өткен халықаралық байқауда Шымкент-Цирк ұжымы бірінші орынды алдық. Мен үшін бұл үлкен жетістік. Көптеген ұлттар мен ұлыстар бас біріктіріп, татулық пен бірлікте өмір сүріп жатқан Қазақ еліне алғыс айтамын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444