Еңбегің бағаланса — зор бақыт!

Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл қарсаңында славян этномәдени бірлестігі ұйымдастырған қолөнершілер көрмесіне Кривоконева Надежда да келіп, өз шығармышылығын ұсынған болатын.

Адам өзіне ұнайтын сүйікті ісімен айналысса, одан күш алады. Оған бар махаббатын арнаса тіпті уақыттың қалай өткенін білмейді. Ал, оны жақын адамдарына сыйға тарту одан сайын шебердің жаңа тынысын, байқалмай келе жатқан қабілетін әрі қарай аша түседі. Қол өнеріне асқан ептілік, төзімділік керек. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Надежда Кривоконева өз ортасына сыйлы, құрметті жандардың бірі. Ол қол қусырып қарап отырғанды ұната бермейді, қалт етсе қол өнеріне қарай ұмтылады.

Надежда иленген теріден алуан түрлі картиналық коллаждар жасайды. Енді бір қарасаңыз,  шыны ыдыстардан құмыра жасап, сыртын безендіре жөнелгенін көресіз. Енді бірде сан алуан бояулы маталарды шебер құрастырып, адамға қажетті тұтынушылық бұйымдар жасап шығарғанын байқайсыз. Кесте, тоқыма өнерінен де Надежда құр алақан емес.

-Жасаған бұйымдарым адамдардың көңілінен шығу үшін барымды саламын, олардың қажетіне жараса деймін, — дейді бесаспап шебер.  Қолдан жасалған дүниелер қай заманда да сәннен қалған емес. Олар жоғары бағаланады. Ал, шеберлер үшін одан асқан бақыт жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444