Ол балаларға қуаныш сыйлайды

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы қарсаңында өткізілген славян этномәдени бірлестінінің қолөнер бұйымдары көрмесіне көптеген қолөнер шеберлері жиналды. Солардың бірі — Шашурина Людмила, тұмар қуыршақтарын жасаушы шебер.

Алдыңғы мақаламызда славян халықтарының ежелден келе жатқан дәстүрі – тұмар қуыршақтарын жасау туралы жазғанбыз. Ал, бүгін сол қуыршақтарды басқа қырынан өзгеше етіп әзірлейтін шебер жөнінде аз-маз әңгімелемекпіз.

Людмила Шашурина – көбінде әйелдердің капрон шұлығынан қуыршақтар шығарады. Әсіресе, мультфильмдердегі аю, «домовой», басқа да ұлттық киімдегі кейіпкерлерді қызықты етіп жасайды. Неліктен капрон материалы таңдалды? Иә, себебі бұл мата ең алдымен эластикалық, сол себепті кез-келген пішінді жасап шығаруға қолайлы. Ең қиын деформацияларды, мәселен, беттегі құлақ, мұрынның, еріннің иілу тұстарын оңай келтіруге болады. Сосын егде қарт кейіпкерлер — ата мен әженің жүзіндегі әжімдерін жасау үшін де капрон таптырмас құрал. Капронмен бірге синтепон материалын қосып, түрлі қуыршақтарды жасап шығару – әрі арзан, әрі тез, біршама оңай.

Тек оны әзірлеу барысында шебер өзінің қиялына ерік беріп, ынта білдірсе болды. Ал, Людмила мұндай кезде шәкірттеріне мастер-клас өткізуге дайын. Өзі де ізденіп, тәжірибе алмасып тұрады. Оның ойыншықтары түрлі көрмелерде көрсетіледі. Сыйлық ретінде ұсынуға болады. Балабақшалардың ойыншық алаңында балалар зейін қойып ойнайтын ең таптырмас ойыншықтары, сондай-ақ, қуыршақ театрының кейіпкерлерін сомдайын бұйымдар ретінде қарасаңыз болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444