Қазақстанның ең басты және айқын жетістіктерінің бірі — қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Ассамблея ширек ғасыр аясында этносаралық келісімге қол жеткізудің жалпыға танылған бірегей институтына айналды. Біз қазақстандық үлгінің жетістігінің негізгі факторы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси көшбасшылығы мен ерік-жігеріне байланысты болғанын ешқашан ұмытпауымыз керек. Елбасымыз Қазақстанның ұлттық саясатының басты ұстанымдары мен принциптерін толық айқындаған тұлға.
Біз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ел басшылығында болған 30 жыл ішінде кез-келген өзгерістерге, геосаяси жағдайларға қарамастан, этносаралық мәселеде өз ұстанымдарынан айнымаған саяси ерік-жігеріне зор құрмет көрсетуге тиіспіз. Қазір біз Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын қорытындылаудың маңызды шегіндеміз.
Татулық пен келісім құндылықтары Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының әрдайым аса маңызды басымдықтары екені белгілі. Соның арқасында қоғамымыздың көп этносты болуы, мәдениеттер мен тілдердің алуан түрлілігі біздің артықшылығымыз бен жетістігімізге, Қазақстан дамуының берік негізіне айналды. Тәуелсіз Қазақстанның ең басты және айқын жетістіктерінің бірі — қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау — Қазақстан халқы Ассамблеясының ғана емес, бәріміздің ортақ міндетіміз екенін атап өту керек. этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін нығайтуға септігін тигізуші бірегей институт — Ассамблеяның қызметі мен ерекшелігі.
Тәуелсіздік жылдарында елдегі барлық стратегиялық құжаттар этносаралық қатынастар факторын ескере отырып қабылданды. Мемлекетіміздің дамуы, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайту шартымен жүзеге асырылды. Бұл Қазақстан дамуының аксиомасына айналды. Ассамблея өзінің 25 жылдық белсенді жұмысында орасан біріктірушілік пен зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі 100-ден аса этностың басын бір шаңырақ астына біріктіруші, тұрақтылықты сақтаушы құрылым және ол еліміздің дамуы жолында маңызды рөл атқаруда.