Этнос жастары ерекше белсенділік танытып жүр

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында көптеген жұмыстар карантинге байланысты онлайн режимде жасалып жатыр. Әйтсе де, қол қусырып отырған еріктілер тобы жоқ. Әсіресе, осындай сын сағаттарда қолдан келгенше жалғызілікті  қарттарға, аз қамтылған отбасылардың қасынан табылып келеді. Өзге ұлт өкілдері арасынан Эмилия Өскенова – қазақ азаматына тұрмысқа шыққан, қазақтың келіні.  Ол биылығы еріктілер тобында белсенділік танытып, мұқтаж жандарға көмек қолын соза білген жастардың бірі. Эмилия еріктілер жұмысын басқарып келеді. Эмилия шала туылған бөбектерге жүн матадан туылған киімдерді үлестіріп, оларды қаладағы перинаталдық орталыққа тарту етіп келеді. Сондай-ақ, қоғамдағы қараусыз қалған жануарларды қорғау, соларға жәрдем беру — бұл да үлкен ерлік. Эмилия мұның барлығын өз қалауымен іске асырады.

Шымкент қаласындағы аз этнос өкілдері – чехтар, болғарлар, венгрлер т.б осы сияқты ұлт өкілдері бар. Олар өз кәсіптерін дөңгелентіп, қаламыздың дамып, өсіп-өркендеуіне өз септігін тигізіп келеді. Мысалы, біздің қаламызда «Vatslab» мейрамханасы – чех ұлтының өкілдерінің кәсібі. Осындай чех дастарханы, ұлттық тағамдары ұсынылады. Чехтар — қаладағы өзге де ұлт өкілдерімене достық, тату қарым-қатынаста. Мемлекеттік тілді құрметтеп, қазақ халқының дәстүрі мен салтына ерекше сүйіспеншілікпен қарайды. Сонымен қатар медицина орталығы жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444