Яна — иіс сабын жасау шебері

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған славян этномәдени бірлестігінің көрмесінде қол сабын жасау шебері Курганская Яна да болды. Яна — этномәдени бірлестік жанынан құрылған қолөнер шеберлері клубының белді мүшесі.

Яна бүгінде жиырма жеті жаста, екі баласы бар, бала күтіміндегі демалыста. Ол қазір қолдан иіс сабын жасау ісімен айналысады. Сабын жасау – дәл қазір сәнге айналғандай. Яна сабын жасау өнеріне аса тиянақты кіріскен.

  • Мен ана болғандықтан, өз балаларыма таза сабын қолданғым келді, — дейді ол. — Сондықтан өз қызғушылығымның арқасында қол сабын жасап көрдім. Ең алдымен, жасаған сабыным менің балама аллергия бермей ме, соны қадағалаймын. Ол үшін өзіме қолданып көремін. Егер кері реакция бермесе, онда бәрі қалыпты болғаны.

Яна бұл кәсіппен айналыспас бұрын туған-туыстарымен, отбасымен ақылдасып көргенін айтады.Өмірлік серігі рұқсат бергендіктен, қолдан сабын жасау  әдістерін іздестіре бастады. Әрі-беріден соң, бұл өнер ұнап қалды.

Яна Курганская: -Басында жақындарыма сыйлық ретінде таратып жүрдім, кейін сатып алушы тұтынушылар шыға бастады.  Қазір тауарайналым өсті. Бір ғана әдіспен тоқталып қалмай, түрлі қосынды майлар, өсімдіктерді пайдалану арқылы жаңа тәсіл ойлап табамын. Мейлінше, какос, манго секілді табиғи таза қоспаларды қолданамын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444