Анастасия жасаған бұйымдар ерекше стильге ие

Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған қолөнершілер көрмесіне қатысып, өнер көрсеткен Кожевникова Анастасия қала тұрғындарын ерекше бйымдарымен таңғалдырды. Ол әртүрлі аксессуарлар жасаушы шебер.

Анастасия Кожевникова – славян этномәдени бірлестігі жанындағы қолөнершілер клубының мүшесі. Қазіргі таңда сәнқой қыз-келіншектерге сырға, білезік, алқа, шашбау жасау ісімен айналысады. Әрине, бұл бұйымдар нарықта жеткілікті, тауардың көптігі сондай көз сүрінеді. Соған қарамастан, Анастасияны қыздардың сәндік бұйымын жасауға алып келген не нәрсе? Өзіңізде біліп отырған шығарсыз, қол өнер иесі – мұндай сәндік аксессуарларды керемет жақсы көреді, әрі асқан ләззатпен жасап шығарады. Оның қолынан туындаған бұйымдар қайталанбас ерекшеліктерге ие.  Әрбір бойжеткен өзгелерден өзгеше болғанын қалайды. Міне, осы кезде Анастасияның сиқырлы қолдарына жүгінсе болды. Аня әп-сәтте құлпыртып жібереді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444