«Қазақ халқы өте мейірімді, бауырмал халық»
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Шымкент қаласының Қоғамдық келісім сарайында ұйғыр халқының салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті күндерінің онлайн көрмесі өткізілді. Көрмеде қалалық ұйғырлар қауымдастығы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Темирова Гузял сөз сөйлеп, ол жерде қазақ пен ұйғыр халқының тамырлас тарихы, ұқсас салт-дәстүріне тоқталды. Мәселен, баланың қырқынан щығару дәстүрі ұйғыр халқына да тән. Суға күміс жүзіктер мен білезік салып, шомылдыру, сондай-ақ, келіннің сәлем салуы, беташар секілді салттары ортақ. Ұйғыр халқы – әсем ән мен әуенге әуес. Әндерді жақсы көреді. Ұлттық аспаптарымызда да ұқсастық бар.
- Біз қазақ халқына басымызды иеміз. Қазақ халқы өте мейірімді, бауырмал халық. Жыл сайын елімізде Наурыз мерекесінде басымыз қосылады. Бұл біздің татулығымыздың белгісі. Жалпы, Ұйғыр этномәдени бірлестігі 1996 жылдары құрылып, содан бері іс-шараларды өткізіп келеді. Ұйғыр жастары қазақ тілін толық біледі деуге болады, — дейді Гузаль Тимурова.