Ұйғыр этномәдени бірлестігі дөңгелек үстел өткізді
Бүгінгі таңда Қазақстандағы ұйғыр диаспорасының өкілдері барлық салаларда — экономикада, саясатта, мәдениетте табысты еңбек етіп жүр. Соның ішінде Шымкент қаласында екі мыңға жуық ұйғыр этнос өкілдері мекен етеді.
Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өткізілген Қазақстанда мекен ететін түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті күніне орай Шымкент қаласы Ұйғыр этномәдени бірлестігі дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде бірлестік төрағасы Искендиров Динмухамед құттықтау сөз сөйлеп, төрағаның орынбасары Гузял Темирова биылғы жылы атқарылған іс-шараларға тоқталып өтті.