Салт-дәстүрді үйрету бағытында жексенбілік мектеп ашылған
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Қоғамдық келісім КММ-інде армян этномәдени бірлестігінің онлайн көрмесі ұйымдастырылды. 2003 жылдан бері өңірімізде жемісті жұмыс жасап келе жатқан армян этномәдени бірлестігінің құрылуына Манук Межлумян сүбелі үлес қосқан.
Бүгінде Шымкент қалалық армян этномәдени бірлестігіне Наира Мовсисян жетекшілік етеді. Ал, жастар қанатының жұмысын жүргізу Рузанна Арутюнянға тапсырылған. 2011 жылы Шымкент қаласындағы «Генезис» оқу орталығы жанынан аталған этностың жас өскіндеріне армян тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін үйрету бағытында жексенбілік мектеп ашылған.
Ел бірлігі мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық келісімді сақтау, қазақстандық партиотизмді дамыту бағытында бұл бірлестік бірнеше маңызды іс-шаралардың ұйымдастырылуына ұйытқы болып келді.