ТҮРКІСТАН: ҮЗДІК ҮШТІК РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Ағымдағы жылғы 31 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен өткізілген «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсына Түркістан облысынан қатысатын үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды.
Түркістан облысынан аталған конкурсқа қатысу үшін тілек білдірген 23 үміткердің ішінен бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды білу бойынша тестілеуден өткен 7 үміткер арасында әңгімелесу кезеңі өтті.
Әңгімелесу барысында қатысушылармен ұсынылған дербес жоба жұмыстары қорғалып, үміткерлер комиссияға жеке зерттеу жұмыстарын таныстырды.
Бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды білу бойынша тестілеуден сүрінбей өткен 7 үміткердің арасынан үш Жоба қорғаушы үздік деп танылып, Түркістан облысының атынан Республикалық байқауда бақ сынауға мүмкіндік алды.
Олар:
1. Мырзатай Ержан Қыдырбайұлы — Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау секторының мүшесі «Жергілікті мемлекеттік орган қызметін кешенді жетілдіру тетіктері, «Tabys» Жобасы бойынша;
2. Копеев Махсат Қайратұлы – Қазығұрт ауылы округі әкімі аппараты әкім орынбасары «Smart village» (Ақылды ауыл) жобасы аясында жаңа технологияларды пайдалану» Жобасы бойынша;
3. Утельбаев Нұрдәулет Ташмаханбетұлы – Төлеби ауданы әкімі аппараты әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы «Мемлекеттік қызмет өткерудегі өзекті мәселелер; оны жетілдіру мен мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру бағыттары туралы» Жобасы бойынша.
Айта кетсек, конкурс нәтижесімен үздік деп танылған Жоба қорғаушы мемлекеттік қызметшілер облыс атынан Республикалық байқауда бақ сынайтын болады.