А.Шпекбаев — мемлекеттік қызмет саласындағы бірқатар заманауи жаңалықтардың архитекторы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы А.Шпекбаевтың Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында мемлекеттік органдардың басшыларымен жиын өтті.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан саясат пен азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппараттың алдағы перспективасы туралы сөз қозғалды.

Аталған кездесу барысында Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев қаладағы мемлекеттік қызметтегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады.

 

«Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызмет саласы жаңашылдықтар, жаңа жобалар, жаңа жетістіктерге толы. Осы жобалардың бірден-бір авторы, мемлекеттік қызмет саласындағы бірқатар заманауи жаңалықтардың архитекторы — Алик Жатқамбайұлы» -деп атап өтті Ә.Көмекбаев.

Сондай-ақ ол, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірқатар жобалар, атап айтқанда, білім саласында «Sanaly urpaq», «Адал ұрпақ», кәсіпкерлік саласында  «Protecting Business and investments», теміржол саласында «Адал жол» және т.б. Шымкент қаласындағы мемлекеттік органдармен бірлесе жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.

Әли Амантайұлы Агенттіктің саясаты барынша қызметтің ашықтық принципіне негізделгенін айтып, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалы, «Шымкент-адалдық алаңы жобалық кеңсесі» мен қалалық 5 басқарманың «Open space» форматында жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Мемлекеттік қызметтегі өзгерістерге тоқтала келе, мемлекеттік қызметшілерге енгізілген жаңа еңбекақы жүйесі мен Агенттік қызметшілерінің жаңа жұмыс кестесі жайында атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444