Шымкентте көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында, сонымен қатар аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шара шеңберінде «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, ассамблея мүшелері, этномәдени орталықтары, «Ордабасы» индустриалды аймағының директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті.

«Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер көмекті дер кезінде сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444