Ассамблея еріктілері 30 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті
Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері және Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының белсенді жастардан құралған топ мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл аясында, сонымен қатар төтенше жағдай кезінде аз қамтылған 30 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Ерікті жастар жомарт жүректі демеушілер тарапынан жиналған қаржыға азық-түлік себеттерімен қатар медициналық бетперделер таратты.