Елбасыға және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа шексіз алғысын білдірді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Қоғамдық келісім КММ-інде иран этномәдени бірлестігінің онлайн көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде иран халқының өте бай қолөнері бұйымдары ұсынылды. Ирандықтар зергерлік өнерімен, сондай-ақ кілем тоқу ісімен танымал. Көрмеде осындай қолөнер бұйымдары көрініс тапты. Сондай-ақ, бірлестік төрағасы Сүйлеймани Мами Гуль-Ахмет-Оглы иран халқының тарихы және бірлестіктің құрылу кезеңдерімен таныстырып өтті. Сөз реті келгенде бірлестік төрағасы Елбасыға және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа шексіз алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444