ШЫМКЕНТТЕ 2020 ЖЫЛЫ 227 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ
Үшінші мегаполисте автомобиль жолдары 2 977 шақырымды құрайды.
Соңғы 3 жылда Шымкент қаласы бойынша 82 көше күрделі, 269 көше орташа жөндеуден өткен, 441 шақырым топырақ жолға тас төселді.
2019 жылы ұзындығы 161 шақырымды құрайтын 64 жолда құрылыс пен қайта құру жұмыстары жүріп, оның 50 шақырымы пайдалануға тапсырылды.
Биылғы жылы 95 шақырым топырақ жолдарға тас төселу жоспарланған. 65 көшеге күрделі, 162 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүреді.