«Қазақстанда тұратын өзбек ұлтының фольклоры» кітабы жарық көрді
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өткізілген Өзбек халқының салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті күндерінің жалғасы арнайы дөңгелек үстелмен өрнектелді. Дөңгелек үстелді бірлестік төрағасының орынбасары Досметова Нұрниса Жамалқызы жүргізіп, көрерменге бүгінгі тақырыпты таныстырып өтті. Яғни, ұмытылып бара жатқан өзбек халқының көне әндерін жаңғырту. Таяуда ғана «Қазақстанда тұратын өзбек ұлтының фольклоры» деп аталатын кітап жарық көрді. Мұнда ауыз әдебиетінен келе жатқан түрлі жанрлар қамтылды. Көнекөз қариялардан жыр-дастандар, батырлар жыры мен бесік жыры жазылып алынған. Бұл үлкен еңбек. Кітаптың ішінде халық әндері де бар. Дөңгелек үстелдегі кездесу барысында өзбек ұлтының әндерін зерттеуші әрі орындаушы Зафар әндерді нақышына келтіре орындап, «Қоғамдық келісім» КММ-інің басшысы Ербол Байқонақовтың Алғыс хатына ие болды.