Халықтың бірлігі – Қазақстанның барлық жетістіктерінің кілті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында
Ағымдағы жылғы 6 қазан күні «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен құралған 4 топ мүшелері Шымкент қаласының төрт ауданында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау) жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Абай ауданының «Самал 3», «Ынтымақ-1», Әл-Фараби ауданының Забадам, Еңбекші ауданының Маятас, Жыланбұзған, Қаратау ауданының Сайрам, Абдулабад тұрғын алаптарында өткен кездесулер барысында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру жайы, ұлтаралық татулық пен бірлікті сақтау мәселелері туралы кеңінен сөз болды.
Қазір еліміздің алдына қойылып отырған үлкен мақсат — барлық тұрғындар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануға бағытталған бірлікке жету болып табылады. Халықтың бірлігі – Қазақстанның барлық жетістіктерінің кілті. Мұны бүгінгі таңда ел тұрғындарының дені бойына сіңірген десек артық айтқандық емес. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мұны жақсы түсінеді. Сондықтан болар, бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық татулықты сақтап, ұйытып отырған бірегей мемлекет ретінде дүниежүзіне танылып, өзгелерге үлгі болатындай дәрежеге жетті.