Зарина Шаметько: Еңбегіңнін жемісін көру үлкен бақыт

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында

Шымкент-Цирк ұжымының әртісі, славян диаспорасының өкілі, әуе гимнасты Зарина Владимировна Шаметько:

— Мен он бір жылдан бері спорттық гимнастикамен айналысамын. Соның үш жылында Шымкент-циркте жұмыс істедім. Қазір осы ұжымда 2016 жылдан бері акробат алаңында биіктен секіріп билейтін әуе гимнастымын. Өткен жылы Нұр-сұлтан қаласында өткен «Азия жаңғырығы» бауқауында жүлделі орын жеңіп алдық.

Осындай жетістіктерді бағындыруыма себеп болған менің жаттықтырушым – Олег Касаткин. Ол кісіге мың алғымызды жаудырамын. Қазіргі жетекшім – Мақсат Бегалиев. Өткен жаңа жылда мен абайсызда жұмыс барысында басымнан жарақат алғанмын, соған қарамастан екі номер дайындап, сахнаға алып шықтым.

Манежге шығып, әуе шарымен қалықтай жөнелгенде, төменде залда отырған балалардың жүздері қуаныштан бал-бұл жанып қызыға, әрі таңдана өзіңе қарап тұрғанын көргенде бар ауруыңды, алған жарақатыңды ұмытып кетесің. Бәрінен шабыт аласың. Кенет көрінбейтін қанат бітіп, ұшып бара жатқандайсың…Өзімді мұндай сәтте бақытты сезінемін. Еңбегіңнін жемісін көру үлкен бақыт.

Қазір Мардан Сапарбаев университетінде «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білімімді жетілдіріп жатырмын.

Қазақстан күннен-күнге дамып келе жатқан ел, бұл күндерге татулық пен бірліктің арқасында жетті десек қателеспейміз. Иә, расында ғылым мен технология білімі жетілген мемлекеттерде дамиды, ал даму үшін ел іші бейбіт болуы керек. Біздің көк туымыз әрқашан биікке желбіреп, түрлі этнос өкіклдері қоғамдық келісім мен тұрақтылықты бетке алып, кемелдене берсін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444