Медицина қызметкерлері арасында экстремизмнің алдын-алу тақырыбында кездесу өтті
Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ және «Күрең Тұлпар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында дінтанушы Бекбосынов Ермектің қатысуымен «Қалалық онкологиялық орталықтың» қызметкерлері арасында кездесу болып өтті.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, діни экстремизм және оның алдын алу, елімізде тыйым салынған діни ұйымдар мен топтардың ара-жігі ажыратылып, сақтану жолдары айтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерден келетін қауіп-қатер жайлы сөз қозғалды. Кездесу соңында қойылған сұрақтар жоғары деңгейде қанағаттандырылды.