«Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты тәрбие сағатты өтті
Шымкент қаласындағы №47 «Алтын бесік» балабақшасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты тәрбие сағатты өтті. Іс-шараның мақсаты ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау. Ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Абай өлеңдері, қара сөздері арқылы балалардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Аталған шараға Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Іс-шара барысында балабақшаның кішкентай бүлдіршіндері Абай өлеңдерімен қара сөздерін жатқа айтып, Абайдың өмірінен көріністер көрсетіп іс-шараның көркін қыздырды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген іс-шараға балабақша ұжымы, ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.