Министрлік қант тапшылығын жоққа шығарды

Келер айдан бастап Тараздағы қант зауыты іске қосылатын болады. Ал биылғы жиын-терім науқанында жиналып алынған қант қызылшасы еліміздегі 3 зауытта қайта өңделеді. Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігі қант өндірісін дамытуды көздеп отыр.

Тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қомай, экспортқа да өнім шығару маңызды. Бұл мәселе Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіпкерлерімен өткен кездесуде жіті талқыланды.

Кәсіпкерлердің елімізде қант тапшылығы туындауы мүмкін деген болжамынан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі бірден мәлімдеме жасады. Елімізде қор жеткілікті дей келе, байбалам салудың қажеті жоқтығын айтты. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өндірушілерімен де кездесіп, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

– Біздің қант өндірушілердің мәлімдемесінен кейін еліміздегі қант қорындағы қорға есеп жүргіздік. Ондағы қор қазір жеткілікті. Бүгін әлемнің түкпір-түкпірінен қант өндірушілер елімізге келіп, бизнес кездесулер өткізіп отырмыз. Бұл – кез келген жағдайда тез әрекет етіп, жағдайды реттей алатындығымыздың көрінісі. Біздің Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді екендігінін дәлелі, – дейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

Елімізде жыл басынан бері 138 мың тоннадан аса қант өндірілген. Экспорт шамамен 51 мың тоннаға жетіп отыр. Жуырда Тараздағы тағы бір қант зауыты іске қосылады. Осы орайда сапаға да мән беру керек. Бұл ретте қантты қайта өңдейтін отандық кәсіпорындар, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің зауыттарын аралап тәжірибе алмасуға шақырту алды. Ал егер ішкі нарықта өнімге қажеттілік туындап жатса, онда одаққа мүше мемлекеттерде қант қоры жеткілікті.

– Біз логистика ережесіне сәйкес, қантты 2 апта ішінде жөнелте аламыз. Сіздер өз тұтынушыларыңызға қажетті өнім мөлшерін атасаңыздар, біз көлікпен қамтамасыз етуге тырысамыз, – дейді ЕЭО елдерінің қант өндірушілері қауымдастығының төрағасы Андрей Бодин.

Кәсіпкерлер осы логистика мәселесін шешу керек деп отыр. Бұл сұрақ келер айда Ереванда өтетін Еуразия апталығында талқыланбақ.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444