Ел мақтан тұтқан тұлғалар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 25 ЖЫЛ!

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы өзбек этномәдени бірлестінің қызу жұмысына атсалысқан және орталыққа зор еңбек сіңірген тұлғалар тарихы айтылады. 

Шымкент қаласында Өзбек этномәдени бірлестігінің негізін қалаушылардың бірі әрі белсенді мүшесі — Ғайрат Қырғызбаев. Ол 1996 жылдан орталық кеңесінің мүшесі, ал 2002 жылдан орталық төрағасының орынбасары ретінде құрылтайларды ұйымдастыруда белсене атсалысты. Делегаттар саны мен олардың өкілеттілігін анықтауға қатысып, мандат комиссиясын басқарды. Орталықтың барлық іс-шараларында белсенділік танытып, аудан мен қалаларда өткен есеп беру жиындарында ресми түрде қатысты. 2012 жылдан бастап өзбек мәдени орталығы төрағасының кеңесшісі ретінде жұмыс атқарды.

Сонымен қатар подполковник Абдували Абдухалықов орталық жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде бірталай ізгі істерді жүзеге асырды. Ол өзбектің біртуар азаматы, милиция старшинасы Саидакбар Сатыбалдиевтің құрметіне Шымкент қаласындағы Мемлекеттік автомобиль инспекциясы (ГАИ) ғимаратының алдына ескерткіш орнатылуына белсенділік танытты. Ескерткіштің ашылу салтанатында генерал-майор Құлахмет Халменов ішкі істер қызметкерлеріне қарата: “Бұл азамат С.Сатыбалдиевтен өнеге алыңдар. Ол ғажайып шыншыл адам болған. Одан өнеге алсын деген мақсатпен оның ескерткішін сіздердің жұмыс орындарыңыз алдына орнаттық. Осы кезге дейін дүниенің ешбір мемлекетінде қарапайым старшинаға ескерткіш орнатылмаған. С.Сатыбалдиев тек қана өзбек ұлтының ғана емес, баршамыздың мақтанышымыз” дегені әлі күнге дейін құлағымызда естіліп тұр.

Тағы бір есімі елеулі тұлға Тұрсынай Исмаилова.  Ол орталық төрағасының мәдени істері жөніндегі орынбасары ретінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруда бас-қасында болды. Сондай-ақ, әйелдер кеңесін де басқарып, қөптеген ізгі шараларды жүзеге асырды. Рахбарой Мухаммеджанова да Т.Исмаиловамен бірге атсалысып, кітап жәрмеңкелерін ұйымдастырып отыратын. Бүгінде олар бастаған іс-шараларды нағыз ізбасары Гулнара Нарова жалғастыруда. Ол орталықтың барлық іс-шараларында аяғы жерге тимей ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуде.

 

Саид Турсунметов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444