Қошқар ата мен Дәруіш аталардың көне бейіттерін абаттандыруға күш салған азамат
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 25 ЖЫЛ!
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жылдығы аясында Өзбек этномәдени бірлестігінің тарихы туралы айтқанда діни қайраткер, өзбек мәдени орталығы төрағасының дін істері жөніндегі орынбасары қызметінде болған, марқұм Шукруллаһ қажы Мухаммеджанов туралы айтпай кету мүмкін емес. Дініміздің қуатын асыру, жастардың дінімізге жат бұзық пиғылды ағымдарға еріп кетуінің алдын алу мақсатында ол бірталай тәрбиелік маңызға ие жұмыстарды жүзеге асырды. Жастармен кездесулер әрі пікірсайыс кештерін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған жанашыр азамат еді. Ол өзбек тіліндегі алғашқы тәуелсіз “Жамият ва маърифат” (“Қоғам мен білім”) газетінің негізін қалап, кең оқырманды қоғамдағы келеңсіздіктер, жағымсыз жайттардан хабардар етуді мақсат тұтқан еді. Шукруллаһ қажының игі істерінің бірі – көне Шымкенттің киелі әулиелері Қошқар ата мен Дәруіш аталардың көне бейіттерін абаттандырып, оларды зиярат орнына айналдырды. Оларды қала сыртындағы “Қашқа” мазарынан өздерінің тарихи мекендеріне қайта жерлеп, қабірлерінің басына кесене тұрғызды. Осы игі істе оған Фархад Асилов, Назир қажы Халбаев, Ахмаджан Ибрагимов, Мамарасул қажы Жумабаев, Юлдаш Исамиддинов, Мухаммад Ахмедов, т.б. көмектесті. Бүгінгі таңда Қошқар ата мен Дәруіш аталардың зират орындарын халқымыз кие түтіп, әспеттеп, құрмет етіп келуде.
Икрам Хашимжанов,
Ғайрат Қырғызбаев