Мемлекеттік қызмет мектебі студенттеріне арналған оқыту семинарлары басталды

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академия филилалының базасында мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне арналған екі апталық оқыту семинарлары басталды.

Семинарларды Академия филилалының оқытушылар құрамы, Департамент қызметкерлері және «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы өткізеді.

Оқыту бағдарламасына ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға шолу дәрістер кірген. Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басында Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының Кешенді жоспарына сәйкес Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет мектебі өз жұмысын бастаған болатын.

Мемлекеттік қызмет мектебінің мақсаты – мемлекеттік қызметке білімді әрі белсенді жастарды тарту және болашақ мамандарға мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдысын алуға мүмкіндік беру.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444