Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасың тарапынан ағымдағы жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары
Басқарма тарапынан ағымдағы жылдың 11 айында 217 хаттама толтырылып, 50 930 820 теңге айыппұл салынды.
Сот істері бойынша:
2021 жылы жалпы сотқа жолданған азаматтық және әкімшілік істердің саны 71.
17 құрылыс нысанына қатысты бұзу туралы сот шешімі шықты.
10 құрылыс нысаны сот шешімімен бұзылды.
27 сарапшыға қатысты хаттама толтырып, 6 айға тоқтатылды.
Жер инспекциясы бөлімі
Бүгінгі таңда Басқармамен ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер учаскесі иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, мемлекет меншігіне өз еркімен жалпы алаңы 303,3385 га 6 жер учаскесі қайтарылды.
Сонымен қатар, Қала әкімінің №153 хаттамалық тапсырмасына сәйкес: 4 аудан тарапынан алаңы 3569,79 га 305 жер учаскесіне шара қолдану туралы хаттары қаралуда.
Басқарма тарапынан алаңы 237,627 га 26 жер учаскесі иелері хабарлама хатпен танысып, қазіргі таңда, алаңы 3364,1402 га 282 жер учаскесіне пошта арқылы және қолма-қол хабарлама табыстау жұмыстары жүргізілуде
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі
Тұрғын үй қоры бойынша :
Шымкент қаласының тұрғын-үй қоры 2236 көпқабатты үйді құрайды.
Оның ішінде:
Қала бойынша:
— 141 мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ)
— 1640 жәй серіктестік (ЖС) құрылған.
Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе Жай серіктестік (ЖС) құру бойынша біздің қаламызда жоспардың 98 пайызын құрайды. Республикалық деңгейде 4-ші көрсеткіш болып табылады.
Атап айтқанда:
Абай ауданында 61 МИБ (ОСИ) 323 ЖС (ПТ);
Әл-Фараби ауданы 53 МИБ (ОСИ) 470 ЖС (ПТ);
Еңбекші ауданында 16 МИБ (ОСИ) 514 ЖС (ПТ);
Қаратау ауданында 11 МИБ (ОСИ) 33 ЖС (ПТ).
Бұдан бөлек, Басқарма Инфрақұрылым және индустриалдық даму министрлігіне апта сайын ВКС арқылы Реформаны іске асыру есебін беруде. Министрлік «EASY project» бағдарламасы арқылы бақылауда. Сол үшін «EASY project» бағдарламасына уақытылы енгізілуде.
Лифт бойынша:
Қала әкімдігінің 10.12.2020 жылғы № 783 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасының ережесіне өзегерістер енгізілуіне байланысты Басқарманың құзырына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде көтеруші құрылғыларда қауіпсіз пайдалану талаптарының қадағалау жүктелген.
Жалпы лифтілер саны — 579
Тұрғын үйлерде орнатылған лифттер саны- 401
— Істеп тұрғандар саны-397
— Істеп тұрған 397 лифтілердің 26 — Лифт пайдалану мерзімі ұзартылған.
— 4 — Лифт істемей тұр. (Тауке хан № 29 үйдің 6 лифтісінің 3- істен шыққан, Иляева № 37 үйдің 2 лифтісінің 1- істен шыққан)
Лифтілерді ауыстыру қажет.
Денсаулық сақтау мекемелерінде:
— Жолаушылар лифті — 47
Жүк көтергіш лифті — 23
Білім беру басқармасына қарасты мектептерде:
— Лифтілер саны:-23
Қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақ үйлерде:
— Жолаушылар лифтілер саны- 48
— Жүк көтергіш лифтілер саны — 15
— Эскалаторлар саны – 55
— Траволаторлар саны-6
Газтехникалық инспекция бөлімі бойынша:
Бүгінгі таңда, үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында, 185 659 газ пайдаланушылардан 137 844 мың (74,2 %) ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуші мекемелермен келісім шарт жасасты, атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлердегі тұтынушылардың саны 84 мың 084 (61 пайыз), ал жеке сектордағы үйлердегі тұтынушылардың саны 53 мың 759 (39 пайыз).
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Байкен Аширбаев