Еліміз азаматтық бірегейлікті қалыптастырды

2008 жылғы 20 қазанда Елбасы әлемде теңдесі жоқ, елдің саяси жүйесінің  толыққанды субъектісі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын заңды түрде бекітетін және оның қызметінің нормативті-құқықтық негізін анықтайтын Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойды. Осы заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды. Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық- саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекет- тік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс- қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған. Заңға сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру үдерісінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444