«Таза жүрек» жобасы аясында ауыл тұрғындары жүректерін тексерте алады
Жүрек қантамыр аурулары соңғы кезде әлемдік індеттің сипатын алды. Елімізде жүрек және қантамыр дерттеріне шалдыққандар саны бес-жеті есеге өскен. Аурудан болатын өлім көрсеткішінің алдын алуда дәрігерлер тынымсыз еңбек етуде. Соның бірі Сейітхан Жошыбаев басқарып отырған Ғылыми клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы. Аймақтың бас кардиологы журналистермен бас қосып, мәслихат өткізді. «Таза жүрек» жобасы осымен үшінші жыл қатарынан жүргізіліп келеді. Онда жұдырықтай жүректің жұмыс істеу қабілеті толық тексеріледі. Ерешелігі сол, кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының мамандары арнайы көшпелі автокөлігіне орналастырылған электрокардиограмма, тредмил тест, Эхокардиограмма тәрізді жүрек ақауын зерттейтін құрылғылар көмегінің нәтижесінде елді-мекендерді аралап халыққа қызмет жасамақ. Яғни тұрғылықты жерден арнайы жолдамаңыз болса, тегін тексерілуге мол мүмкіндік. Бүгінгі таңда, «Таза жүрек» жобасы аясында орталық дәрігерлері Байзақ, Жамбыл аудандарына шығып, ауыл тұрғындарының арасында жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтауға арналған сауалнама жүргізген. Оған қатысушылардың қан қысымы, қант және қан деңгейі, жүрек соғысы алдын-ала тексерілген. Игі-шара алдағы күндері өзге де аудандарда жалғасатын болады.
«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» дейді. Бүгінде ғалым-ұстаздың жүрек хирургиясы саласы бойынша даярлаған, қарамағында қызмет еткен қаншама ғылым кандидаттары мен ғылым докторлары әр жерде елдің назарына түсіп, биіктен көрініп келеді.
Қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған орталық жүрек ауруларының диагностикасы, оның ішінде жүктілік кезеңіндегі шарананың өсіп-жетілуін бақылау, сырқаттың даму деңгейін айқындау, ем қолданудың бағыт-бағдарын анықтау, хирургиялық ем қолдану, жүректің туа біткен ақаулары, жүре пайда болған жүрек ақаулары, жүректің коронарлық ақаулары, кіші инвазивті шаралар, соңғы үлгідегі мультиспиральді компьютерлік томографпен қан айналымы жүйесінің ауруларын скринингті (профилактикалық) тексеру секілді медициналық қызметтің тағы басқа түрлерін көрсете алады.