Бес туризмдік аймақ құрылмақ

Жамбыл облысы ежелден әулиелі, сонымен қатар туризмді дамытуға сұранып тұрған өңір болып саналады. Кейінгі кездері туризм саласы жиі көтеріліп, мемлекет тарапынан басымдықпен көңіл аударылуда. Жақында облыс төңірегінде қолға алынатын ірі жобалар туралы облыстық туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте мәлімдеді.     

Брифингте айтылғандай, Жамбыл облысында 5,4 млрд. теңгені құрайтын көптеген туристік нысандар құрылысы басталмақ. Яғни, жоба бойынша 5 туристік аймақ құрылып, соның негізінде 5 қонақ үй, 5 мейрамхана, тау-шаңғы базасы, 2 киіз үй қалашығын салу қолға алынады. Бұлар  «Қаралма» тау-шаңғы базасы, Шахристан аумағындағы облыстың негізгі туристік нысандарын көрсетуге арналған «Show-room»-ы бар «Көне Тараз шеберлері» қолөнершілер қалашығы, «Төрткөл» керуен сарайындағы «Қазақ ауылы» тарихи-мәдени орталығы, «Айша Бибі» және «Қарахан» кесенелері мен «Әулие Бастау» сауықтыру орны кіретін тарихи-археологиялық кешені», «Ақыртас» сарай кешені.  Сонымен қатар, облыстың 33 туристік нысаны қамтылған 12 туристік маршрут әзірленген.

Атап айтар болсақ, «Қаралма» тау-шаңғысы базасы Талас Алатауының 3200 метр биіктігінде орналасқан, бүгінгі күндері арнайы 274 га жер телімі бөлініп, электр қуатымен жабдықтау, газофикациялау мен су құбырын жүргізу инженерлік коммуникациялары өтетін жерлері анықталып, 7 шақырым автожол құрылысы жүргізілді. Жоба құны 3 млрд. 355 млн. теңгені құрайды. Мұнда спорттық сауықтыру, мәдени-сауықтық қызметтер ұсынылатындықтан келуші туристердің саны қырық бес мыңға дейін артады деген жоспар бар.  Мұнымен қатар, тағы айта кетерлігі, алдағы уақытта келбеті көркем Жамбыл өңірінің туристік мүмкіндіктерді дамыту аясында жобалық құны 92 млн. теңгені құрайтын «Баласағұн» қалашығына, жобалық құны 168 млн. теңгені құрайтын «Тау қымыз» (5,5 км.) емдік-сауықтыру орталығы» туристік кешеніне арналған көлік жолдары салынбақ. Аталған жобалардың іске асырылуы туристердің үлкен легіне туристік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, тарихи-мәдени, медициналық және зиярат етушілер туризм түрлерінің дамуына өз әсерін тигізеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444