ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Жастар ресурстық орталығымен бірлесе Шымкент жоғары медицина колледжінің студенттерімен TedX форматында мотивациялық кеш ұйымдастырды.
Кездесудің басты мақсаты – жастар бойында парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, студенттердің дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.
Аталмыш кездесуге Департаменттің бас маманы Жазира Әлжанова және фастфуд тағамдарын әзірлейтін Tokyofood_shimkent желісі мен Qazsaq медиа орталығының незігін қалаушы жас кәсіпкер Мадина Рей қатысты.
Іс-шара еркін форматта өтіп, адал жолмен жетістікке жету бойынша қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Жастарға берері мол кездесуде қатысушылар спикерлерге көкейкесті сауалдарын қойып, шара сұрақ-жауап форматындағы еркін сұхбат түрінде жалғасты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444