«Парасат жолы» орталығында Әлия Юсуповамен кездесу өтті

Отбасылық кітапхананың «Парасат жолы» орталығында Қазақстанның бес дүркін чемпионы, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі  спорт шебері Әлия Юсуповамен  және  тарих ғылымдарының кандидаты, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қайрат Анарбаевпен кездесу өтті.

Жастармен кездесуде Әлия Юсупова өзінің жетістік жолындағы еңбектеріне тоқталып, спорттағы адалдық құндылықтарының маңыздылығы жайында кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, ол өскелең ұрпаққа өз мамандықтарын ерте бастан таңдауға және кітапты көп оқуды насихаттады.

Қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қайрат Анарбаев адалдық, ізгілік, мейірімділік, әдептілік, ұстамдылық тақырыбын терең қозғап,  қатысушыларды әрқашан шыншыл болуға шақырды.

Сонымен қатар, жас оқырмандар парасаттылық, адалдық қасиеттері бойынша ойларымен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444