МАМАНДЫҒЫҢНАН БҰРЫН, АДАЛДЫҒЫҢДЫ БИІК ҰСТА!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Қамбар ИЧ-167/3 мекемесінің жеке құрамымен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Жани Қамбар жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге қатысты жауапкершілікті жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленгендігі туралы айтты.

Жиында спикер жемқорлықпен күрес жүргізуді әрбір қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қатысушыларды әдепті және қарапайым болуға, мамандығынан бұрын адалдықты биік ұстауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444