ТӨТЕНШЕЛІКТЕРГЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасы бойынша кездесу өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — аталған саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу.
Кездесуде Департаменттің бас маманы Ж.Қамбар 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен, жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге қатысты жауапкершілікті жан-жақты түсіндіріп өтті.
Спикердің айтуынша, кез келген қызметкер жемқорлықты өзінің ертеңгі ұрпағының бақытты болашағын ұрлау, елімізге жасалған опасыздық ретінде түсініп, парасаттылық қағидаларын ұстанса, мемлекетіміз болашақта жемқорлықсыз мемлекетке айналады. Осы себептен сыбайлас жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға әрбір қатысушы шақырылды.
Шара қорытындысымен сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттарды хабарлаған азаматтарды көтермелеу институты жайында ақпарат беріліп, жемқорлық фактілері туралы 1424 Call-орталығына хабарлау қажеттігі айтылды.