Түркістан облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті
Түркістан өңірінде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясына 150-ден аса тұрғындар келіп, көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауаптар алды.
Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады.
Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік орган басшылары мен өкілдері», — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов.
Науқанды ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары екенін айта кеткен жөн.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алды.
Карантиндік шектеулер енгізілген кезеңде «Халық заңгерін» өткізу тоқтатылды. 2022 жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараны қайта бастау туралы шешім қабылданды.