КӘДІМГІ КҮРІШ ҚАУЫЗЫНАН ҚУАТ АЛУҒА БОЛАТЫНЫН ШЫМКЕНТТІК ӨНЕРТАПҚЫШ ДӘЛЕЛДЕДІ
Күріштің қауызынан да электр энергиясын алуға болады. Шымкенттік өнертапқыш баламалы энергия қуатын өндіретін жаңа құрылғы жасап шықты. Жанармайдың орнына күріш дәнегі қолданылады.
Өнертапқыштың айтуынша биологиялық батареяның құны 10 мың теңге. Оған қоса жаңа құрылғы 3 ай бойы 1800 киловат электр энергиясын өндіруге қауқарлы. Тоқ өндіргіштің жұмыс істеу қағидасы қарапайым. Мәселен күріш қауызына таза биологиялық базофильді бактериялардың қоспасы қосылады. Осы сәтте қауыздың жаңқаларынан жарықшақ пайда болып, ол электр энергиясын береді дейді автор.
Қазіргі таңда өз бағасын алған құрылғы үшін Ілияс Мұрат 1 млн теңге грант жеңіп алған. Өнертапқыш алдағы уақытта қолындағы құрылғының санын көбейтіп, жарықты үнемдеуге үлес қосуды көздейді.