Түркістандық жастар жаңа жобаны қолға алды

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Әлемге құшақ ашқан — Түркістан» атты жаңа жоба басталды. Мақсат – Түркістан қаласын ғаламдық ірі туризм орталығына айналдыру және қызмет көрсету сапасын жақсартуда еріктілердің көмегімен жаңа тәсілдер қалыптастыру.

Іс-шара барысында туристтер көп келетін қоғамдық орындар мен көрнекі жерлерге «Алтын қағидалар» енгізілді. Еріктілер қаладағы дәмханалар мен мейрамханаларды және өзге де қоғамдық тамақтану орындарын аралап арнайы жадынамаларды таратты. Онда қалаға келген қонақтарға сапалы қызмет көрсету, жол сілтеу, қонақжайлылық таныту секілді кеңестер жазылған.

Облыстық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай жастардың қолға алған игі бастамасын  қолдауға шақырды.

— Қалаға келген қонақтарға қызмет көрсету үшін әрбір адамның  шет тілін білуі маңызды емес. Тек күлімдеп қарсы алып, сапалы қызмет көрсетілсе жеткілікті. Әрбір келушіге дархан көңілімізді білдіріп, ұмытылмас саяхатта жүргендерін сезіндіруіміз қажет – дейді А.Дәркенұлы.

Жаңа жоба аясында қолданысқа түскен «Алтын қағидалар» алдағы уақытта әрбір түркістандықтың ұстанар басты қағидатына айналатындығына ерікті жастар сенімді.

— Мен Түркістанға келген әрбір қонақтың үлкен әсерге бөленгенін қалаймын. Әрі қонақжайлылығымыздың куәсі болып, қаламыз жайында жақсы пікір қалыптасса  деймін. Сондықтанда бұл игі іске өз үлесімді қосудамын – дейді ерікті Айдана Есіркеп.

Облыстық жастар ресурстық

орталығының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444