ШЫМКЕНТТЕ «МАМАННАН КЕҢЕС» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні сағат 11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Маманнан кеңес» акциясын өткізеді.

Басты мақсат – халыққа білікті тегін заң көмегін көрсету.

Акция барысында түрлі салалардағы 20-дан астам мамандар, атап айтқанда, прокуратура, әділет, мемлекеттік кірістер, полиция департаменттерінің, денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй инспекциясы басқармаларының, кәсіби адвокаттар және т.б. сала өкілдері кеңес беретін болады.

Өтетін орны: Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы (С. Бәйтереков көшесі, 89.).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444