Пробация қызметі есебінде тұрған 321 азаматқа психодиагностикалық әдістемелер жүргізілді

Шымкент қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар қабылданады.

2019 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін түзеу мекемелерінен 235 хабарлама хат келіп түсті, анықтау жұмыстарының жүргізілу нәтижесінде 33 азамат түзеу мекемесінен босатылмағаны анықталды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 114 азамат, денсаулығына байланысты 8 азамат уақытша әлеуметтік көмектен бас тартты, атаулы әлеуметтік көмек және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін алуға өтініш білдіргендер 45 азамат болып табылады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және Пробация қызметі есебінде тұрған 321 азаматқа психодиагностикалық әдістемелер мен әңгіме-сұхбат жүргізілді.

Сонымен қатар,тұрғылықты мекен-жайы және баспанасы болмауына байланысты 19 азамат«Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша қызмет алушы ретінде орнастырылды.Талдап айтар болсақ, 1 азаматша жасына байланысты зейнеткер, 3 азаматқа зейнетақы тағайындауға ықпал етілсе, мүгедектік тобын анықтауға 1 азаматқа көмек көрсетілді, 4 азаматтың жеке басын куәләндыратын құжаттары қайта қалпына келтірілсе, тұрақты жұмысқа 1азамат орналасты, 7 азаматқа медициналық көмек көрсетілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №912 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-ші тапсырмасы бойынша: «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру бойынша әзірлеу» — 2017 жылдың басынан ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерімен бірлесе отырып «Қақпа алдында кездесу» акциялары ұдайы ұйымдастырылып отырады және ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерімен бірлесе босатылатын тұлғалармен ай сайын әлеуметтік үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.

Мекеменің күнделікті атқарылып жатқан, тыныс тіршілігін халық арасында насихаттау мақсатында «Facebook», «Instagram» әлеуметтік парақшасы ашылып, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, заңгерлік көмектерімен, мекеменің мекен-жайы, контакт нөмірлері, толыққанды мәліметтері мен буклет әзірленіп таратылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444