Қимыл қозғалысы шектеулі балалардың икемділігін жақсарту мақсатында қызмет көрсетеді
Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өз ісінің мамандары қызмет жасайтынын мақтана айтуға болады. Мұнда мамандар тірек — қимылы бұзылған және қимыл қозғалысы шектеулі балалардың икемділігі мен қимылын жақсарту мақсатында қызмет етеді.
АСПАЛЫ КИІМ. Баланың өздігінен талпынып жүруіне, аяғын тік басуға икемдейді. Алға тәй-тәй басқан баланың жүзінде қуаныш, көңілінде шаттық орнайды. Баланың психологиясына да әсері мол. Өзіне деген сенімділігін арттырады.
ШВЕТ БАСПАЛДАҒЫ. Тірек аппараты бұзылған баланың қимыл қозғалысын, икемділігін реттейді. Буын қимылдарының қызметін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Аталған құралдар арнайы Лфк-инструктор маманының бақылауы және нұсқауымен іске асады.
Балалар ауырмай, тез жазылып кетуіне қызмет жасауда.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ
«Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету»бөлімшесі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы