9 АЙДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫМЕН БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша есеп беру жиыны өтті.

Жиында өз кезегімен басқарма басшыларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау, олардың зардаптарын жою бойынша атқарылып жатқан есептері тыңдалды.

Мәжілісте Департамент басшысы Х.Көшқалиев әр басқармамен атқарылған жұмыс нәтижелері халыққа дер кезінде жету үшін баспасөз беттерінде жариялау қажеттігін және азаматтардан келіп түскен әрбір өтінішті мұқият қарап, шешімін табу мәселелеріне жан-жақты зерделеу жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Хаким Дүйсешұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Департаменттің басым бағыттарының бірі екенін ескертіп, осы бағыттағы жұмысты күшейту  керектігін атап өтті.

Департамент басшысы жиынды қорытындылап, бұл жұмыстар тек 9 айдың қорытындысы ғана, әле алға қойылған мақсаттар айқын, тың серпінмен нәтижелі жұмыстар атқару керектігіне баса назар аударып, нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444