ШЫМКЕНТ: «АДАЛ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«Адал көмек» жобасы аясында Шымкентте «Аntikor ortalyǵy» алаңында қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов және  Қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшеcі Ә.Әбжанов азаматтарды қабылдап, кеңес берді.

Қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтардың басым бөлігін бала күтіміне байланысты демалысқа қатысты сұрақтар қызықтырды. Мәселен, Ж. есімді азаматша бала күтіміне байланысты демалыстан ерте шыққысы келгенімен, жұмыс жасайтын мекеме орын жоқтығын алға тартқандығын айтып, кеңес сұрады.

Қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов азаматшаның құқықтарын түсіндіре келе, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталатындығын жеткізді. Сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, жұмыскер жұмыс берушіні өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын хабардар етуге міндетті екендігін хабарлады.

Айта кетейік, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету мақсатында қолға алынған «Адал көмек» жобасы енді офлайн форматта жүзеге асырылуда.

Бастамашысы ретінде танылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен әр бейсенбіде «Аntikor ortalyǵy» алаңында түрлі сала өкілдерімен өткізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444