Мемлекеттік қызметшінің басты қасиеті — қарапайымдылық
Заң ғылымдарының магистрі, қоғам өкілі Абуова Нұржахан Түркістан облысының құрылыс басқармасының ұжымымен кездесті.
Мемлекеттік қызметкерлермен өткен мақсатты жиында Нұржахан Ермағанбетқызы Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығына айрықша атап өтті.
Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы және Президент жолдауы мен бірінші басшылардың жауапкершілігі мен пара алушылар мен пара берушілерге және делдалдарға қатысты Заң нормалары қатаңдатылғанын айтып өтті.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында Нұржахан Абуова қоғам індетімен күрес шараларын күшейтумен қатар оның алдын алу жолдарының маңызды бағыттарын түсіндіріп, жемқорлық көріністеріне жол бермеу керектігін айтып, әлеуметтік дертпен бірге күресу жүргізуге шақырды.