Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жиын өтті ________________________

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі қызметкерлеріне семинар кеңес өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты — өңірдегі квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында ұжымдық адалдық стандарттарын сақтау бойынша ақпараттық және ағарту жұмыстарын жүргізу.
Жиында Ержан Әліұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар мен еліміздегі кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес, заңда барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екенін жеткізіп, ұжым қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда жұмыла жұмыс жасауға шақырды.
Сондай-ақ, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында негізсіз баюға жауапкершілік енгізілгенін, онда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту, парасатты қоғам қалыптастыру, жемқорлықты азайту, жазаның бұлтартпастығын күшейту, азаматтық қоғамды тарту және тағы басқа маңызды мәселелер қамтылғанын атап өтіп, жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстарына қатысты енгізілген жауапкершіліктің қатаңдатылғанын жеткізді.
Шара соңында жиынға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары бойынша ақпарат беріліп, тақырып аясында қойылған сауалдарға жауап берілді.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлауға болады. Қоңырау шалу тегін әрі хабарланған ақпарат құпия сақталады.
+2
1 666
Охват (люди)
259
Взаимодействия
Продвижение недоступно
You и 24 others
5 Comments
2 Shares
Like
Comment
Share

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444