Медициналық сақтандыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қаладағы қоғамдық көліктердің ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Орталықтың қызметкерлері жолаушылар мен қала тұрғындарына денсаулықты сақтандыру, екі пакет бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер, қорға төленетін жарна көлемі турасында ақпарат берді. Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстары әрі қарай «Самал» базарының сатушылары мен тұтынушылары арасында жалғасты. Орталықтың қызметкерлері сауда қызметкерлеріне медициналық сақтандыру қорына төлетін жарналар туралы ақпарат беріп, медициналық көмектің екі пакетін түсіндірді.