АДАЛДЫҚ АЯСЫНДА ДІН ӨКІЛДЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ _________________

Бүгін Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтан таза қоғамды қалыптастыру мақсатында дін өкілдерінің, қоғамдық даму және дін басқармаларының қызметшілерінің, облысқа қарасты қала/аудандардың Жастар ресурстық орталығының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен келелі кездесу өтті.
Рухани жиында қоғам өкілі, Заң ғылымдарының магистрі, Нұржахан Абуова сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себебі мен салдарын жіті түсіндіріп, жиынға қатысушыларға Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды хабардар етті.
Игі басқосуда асыл дінімізде пара алу мен пара берудің, делдал болу мен пара ұсынудың өтемі ауыр екендігі кең баяндалып, адал ризықпен келген ас-тағамның маңыздылығы мен оңай олжаның берекесіздігі ортаға салынды.
Сондай-ақ, дін өкілдеріне халық арасында түсіндіру жұмыстарына бірлесіп шығуға, сондай-ақ жұма намаздарда жамағатқа жемқорлықтың зардаптарын уағыздармен жеткізу ұсынылды.
Шара соңында жиынға қатысушылар назарына қоғамдық санаға әсер ету құралы ретінде облыста орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.
Шара соңында жиынға қатысушылар назарына қоғамдық санаға әсер ету құралы ретінде облыста орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444