МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Департаменттің Превенция басқармасының аға офицері Г.Қансеитова Төлеби өлкесіне арнайы барып, медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Басты мақсат — медицина саласында жиі ұшырасатын сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және оның алдын алу.
Өз кезегінде Гүлжамал Әбдуәліқызы абзал жандарды адалдық, парасаттылық қасиеттеріне жақын болуға үндеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Адам жанын арашалап, ауруынан айықтыратын ақ халаттыларға тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін ескертіп, сенім атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын сөз етіп, мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілеріне жол бермеуге шақырды.
Шара соңында арнайы әзірленген бейнероликті ұсынып, дәрігерлердің көкейінде жүрген бірқатар сауалдарына нақты жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *