Білім беру ордаларында сыбалас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Түркістан облыстық «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастыруымен «TAZA SESSIYA» акциясы аясында студент жастардан анонимді сауалнама алынды.
Сауалнамаға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Халықаралық туризм және меймандостық университетінен жалпы саны студент қатысты.
«TAZA SESSIYA» акциясының негізгі мақсаты — студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау.
Акцияға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Егамбердиева Динара, Түркістан қалалық мәслихат депутаттары Жүсіпбаев Нұрсұлтан, Абдуллаев Ақиқат, Жұман Жансерік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойыншы департаментінің превенция басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы, «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова және жоба менеджерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері мен жергілікті блогерлер қатысты.⠀
Еске сала кетейік, «Taza Sessiya» акциясын өткізудің соңғы қорытындысы бойынша республика көлемінде 64 Жоғары оқу орны және 20 710 студент қамтылды.
Сауалнама қорытындысы бойынша ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық деңгейі 12,5% құрады. Осы жылы республика көлемінде жалпы саны 30 мың студенті қамту жоспарланған. Сауалнама қорытындысы сәуір айының соңында көпшілікке жарияланатын болады.