Салық төлеушілер назарына!
Қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатуға жататын субъектілер тізбесітуралы Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне 25.12.2017 жылғы №121-VI Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 93-ші баппен, салықтөлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату енгізілгенін хабарлайды. Аталған баптың 2-ші тармағы 2-ші тармақшасына сәйкес, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістербасқармасында тіркеу есебінде тұрған, қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатуға жататын субъектілердің 01.03.2022 жылғатүзілгеналғашқытізбесі Шымкент қаласыбойыншамемлекеттіккірістердепартаментінің http://shymkent.kgd.gov.kz сайтында жарияланған. Кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделер іқозғалатынөзге де тұлғалардың, қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттары мен қоса берілген өтініштері (наразылықтары) ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін төмендегі мекен-жайда қабылданады: Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Шымкент қаласы, Театр көшесі, № 33; Байланыс нөмірлері: 56-12-16;
Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы