«Елбасы жолы» киноэпопеясы көрсетілді

Шымкент қалалық Дарын мектеп интернатында  жалпыреспубликалық ашық сабағы өткізілді. Сынып жетекшілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген сабақ барысында 5-11 сынып оқушыларына «Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылығы сабақтары» және Елбасы кітапханасының қоры ұсынған «Өзгерістер қуаты», «Қазақстан патриоты» деректі фильмдерін көсетті. Сондай-ақ, Елбасы туралы «Балалық шағымның аспаны» және «Елбасы жолы» киноэпопеясы көрсетілді. Соңында оқушылар фильмдерден алған әсерлерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444